15.11.2022, 15:00
Оқылды: 50

Ұлыбританияда электр жарығының тапшылығынан дәмханалар жұмыс уақытын қысқартты

Британдық кафелер, барлар мен мейрамханалардың үштен бірінен астамы соңғы үш айда жұмыс уақытын қысқартты. Бұл электр энергиясын үнемдеу мақсатында жасалуда, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Корольдіктің Ұлттық статистика қызметіне сілтеме жасап.

8

Ұлыбританиядағы тамақтану орындарының шамамен 6%-ы аптасына екі күн жұмыс істемейді, 7%-ы бір күн ғана жұмыс істейді, ал 21%-ы жұмыс уақытын қысқартты. Тұтастай алғанда, энергия шығындары биыл Ұлыбританиядағы барлық кәсіпорындар үшін үлкен қиындыққа айналып отыр. Энергия бағасын басты мәселе деп есептейтіндердің үлесі ақпан айының соңында 15%-дан сәуірде 21%-ға дейін өсті және содан бері осы деңгейде. Ұлыбританиядағы тұтыну бағаларының индексі қыркүйек айында жылдық мәнде 10,1%-ға өсті. Инфляция негізінен электр энергиясының, газдың және басқа да отынның қымбаттауына, сондай-ақ азық-түлік пен көлік шығындарына байланысты артты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале