14.10.2022, 17:34
Оқылды: 173

Ұлыбританияда жеті сәбиді өлтірді деп айыпталған медбике сотталып жатыр

 Манчестерде Честер қалалық ауруханасының неонатология бөлімінде жеті нәрестені өлтіріп, тағы он сәбиді өлтіруге оқталды деп айыпталан медбикеге қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

221013223014350e

Куәгерлердің айтуынша, Летби шала туған нәресте қызды өлтіруге үш рет әрекет етіп, пиғылын төртіншісінде іске асырған. Ол баланы өлтірген соң ата-анасына көңіл айту қағазын жолдады.

Алайда, медбике өзіне тағылған 22 айыптың бәрін жоққа шығарды.

Бұл – жалпы профильдегі көпсалалы аурухана. Айыптаушы Ник Джонсонның айтуынша, оның неонатология филиалында сәбилерді әдейі улайтын адам жұмыс істеген.

«2015 жылдың қаңтарына дейін графиня Честер ауруханасының неонатология бөлімінде нәресте өлімінің статистикасы басқа бөлімдермен шамалас еді. Алайда, келесі бір жарым жыл ішінде көз жұмған сәбилер саны күрт өскен», - деп атап өтті ол.

Бұл өсімді аурухана консультанттары да байқады. Оларды таңқалдырғаны - есінен танған балаларға уақытылы жүргізілген реанимациялық шаралардың көмектеспегені, ал кейін кейбіреулері күтпеген жерден және толығымен сауығып кеткен.

Бөлімдегі өлім мен аяқасты сауығып кету жағдайларының себептері анықталмағанымен, оның бәрінде медбике Люси Летби болғаны белгілі болды.

Аурухана басшылығы қызметкерді күндізгі ауысымға ауыстырып, полициядан тергеу жүргізуін сұрады.

Полицейлер Летбидің үйін тінтіп, қай балаға қандай дәрі салғаны жазылған күнделігін тапты.

Летби болса, өзіне тағылған айыптың бәрін теріске шығарып, сәбилерге саналы түрде зиян келтіру ойына кіріп-шықпағанын айтты.

Сот жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале