30.08.2022, 11:12
Оқылды: 99

"Ұлық тұтар - Ұлы Заң!"

Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін сақтап, Ата Заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында және 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында "Ұлық тұтар - Ұлы Заң!" атты мерекелік іс-шара ұйымдастарылды.

IMG-20220830-WA0001

Орал қаласының полиция басқармасы мен мектептен тыс жұмыс орталығы бірлесе, жұмыла ұйымдастырылған әдемі мерекелік іс-шараға ата-аналар, орталықтың белсенді оқушылары, мүмкіндігі шектеулі мектеп жасындағы балалар, ұстаздар қауымы, қала орталығындағы тұрғындар, Орал қаласы полиция басқармасының басшылары, «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының басшылығы қатысты.

IMG-20220830-WA0013

Ел тәуелсіздігінің кепілі - Қазақстан Республикасының Ата Заңы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып отыр. Конституция – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция оның нормаларын пайдалана алады. Осынау мерекенің шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалуымен ашылып, алғашқы сөз алған мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Тілек Қуанышкереев жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.

Одан әрі мерекелік бағдарлама орталықтағы «Үкілі Домбыра» және «Асыл перне» үйірмесінің оқушылары Даулеткерейдің күйі «Көреғұлы», « Қос алқа», Халық күйі «Жастар Биін» орындап, таланттарын паш етті. Өнерлі, биші, суретші, спортшы өрімдей ұл-қыздардың өнерлері көрсетілетін мерекелік іс-шараға сый-сияпаттарын ұстай келген «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының төрағасы Павел Ставкин, Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мадина Құспанова құттықтау тілектерін айтып, Балғын өнерпаздардың болашақтарына сәттіліктер тіледі.

IMG-20220830-WA0003

Ал, бала тәрбиелеу ісінде әркез бірлесе жұмыстанатын, еңбексүйгіш, ізденімпаз ұжымы бар мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымына шынайы алғыстарын жеткізді. Орал қ.ПБ бастығы полиция полковнигі Аяғанов Сағындық Күзембайұлының атынан Тлек Әділгерейұлына «Алғысхат» тапсырып, ақжарма тілектерін жаудырды.

Көпшіліктің алдына шыққан орталықтағы «Жас оқырман» үйірмесінің шәкірттері «Ата заңым қастерлім», «Конститутция - Ата заң» атты өлеңдерді нақышына келтіре оқып, жұртшылықтың ықыласына бөленді. «Сәулем-ай» вокал тобы әуелете ән шырқап, Нұртай Бейімбетов баянда сүйемелдеген «Шашу» туындысы да мерекелік бағдарламаның көрігін қыздырды.

«Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады»-, демекші одан әрі мектептен тыс жұмыс орталығының батыл оқушылары ортаға шығып, Олег Ли жетекшілік ететін таэквондо күрес өнерінен үзінділер көрсетті.

IMG-20220830-WA0000

Мерекелік іс-шара барысында жас балғындардың бірі асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салды, енді бірі ақ қағазға акварель бояумен бейбітшілік, татулық, достық, отбасы тақырыптарында сурет салып, сиясы әлі кеппеген туындыларын әділ қазылар алқасына, көпшілікке ұсынды.

Бұл күнгі мерекелік іс-шараға қатысқан ұл-қыздардың барлығына да «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының төрағасы Павел Ставкин спорттық футболкалар, сусын ішуге арналған ыдыстар, түрлі тәттілер үлестіріп, біраз сыйлық таратты.

Мектептен тыс жұмыс орталығының басшылығы демеушілік көмек көрсеткен «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамына алғыстарын айтып, алдағы жоспарланған іс-шаралардың да ынтымақтаса жүзеге асатынына сенім білдірді.

Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін, еліміздін абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін, балаларымыз бақытты болсын ,- деп тілек тілеген ата-аналар жұмыла «Қара жорға» биін билеп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

БҚО ПД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале