15.12.2020, 16:45
Оқылды: 225

ҮМІТКЕРЛЕР БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ

2020 жылдың 15 желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - Утебалиева Шаттық Саматқызы «Тайпақ» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

1a10c320-f344-4d58-8525-a538aba856f8
Zoom платформасында өткен онлайн кездесу кезінде үміткер қатысушыларға өзін таныстырып, өзінің азаматтық ұстанымдары туралы айтып өтті. Қоғамдық өмірдің белсенді қатынасушысы ретінде өңірде орын алып жатқан әлеуметтік және экологиялық мәселелерді де тілге тиек етті.
Кездесу барысында партия төрағасы, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ағымдағы жылдың 17 қараша күні партия съезінде бекіткен партияның 5 жылдық бағдарламасы туралы ақпараттар берді. Соның ішінде, білім және денсаулық сақтау салаларында жүргізіліп жатырған жобаларға тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Үміткер өз сөзінде:
- Ақжайық ауданы - өңіріміздегі ең ірі, әрі көпсалалы аудандардың бірі. Сіздердің өлкелеріңіз тарихи мұрағаттарға да, жаңашыл идеяларға да бай жер. Тағы бір ерекшелігі – сапалы кадрларды дайындауда үнемі алдыңғы қатардан көрінеді. Дәл сындай белсенділіктеріңізді алға тартып, сіздерді 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырамын, - деп қорытындылады.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале