10.06.2022, 11:00
Оқылды: 137

Үндістанда ұшаққа бетпердесіз отыруға болмайды

Үндістан билігі бетпердесіз жолаушыларды авиарейстерден шығаруды бұйырды. Бұл туралы Азаматтық авиация Бас басқармасы жариялаған құжатта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

142A3E3C-FDB1-4818-9593-25149B251C7E

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық космиссиясының мәліметтеріне қарағанда, егер жолаушы ұшу кезінде бірнеше рет бетперде киюден бас тарту сияқты COVID-19 кезіндегі тәртіп (мінез-құлық) хаттамаларын қайта-қайта бұзса, олар «тәртіпсіз жолаушы» ретінде қарастырылады. Азаматтық авиация органы мұндай жолаушыларға белгілі бір уақыт аралығында ұшуға тыйым салу құқығын береді.

COVID-19-бен күрес жөніндегі жедел штабы Ресейдегі коронавирус бойынша мәліметтерді ұсынды. Соңғы тәулікте елде 1470 науқас емханаға жатқызылды.

Елдің 32 аймағында ауруханаға жатқызылғандар саны өсті, жетеуі өзгеріссіз қалды және Ресей Федерациясының 46 субъектісінде төмендеді.

Ауруханаға жатқызылғандардың жалпы саны 9,2%-ға азайды. 4 297 науқас індеттен жазылып шықты, бұл 2022 жылғы 8 маусымдағы көрсеткіштен 9,3%-ға төмен. Аурудың 3 774 жаңа жағдайы тіркелді, бір тәулікте коронавируспен 77 науқас қайтыс болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале