15.04.2021, 19:31
Оқылды: 160

ҰОС ардагері атына көше атауын беру ұсынысы қаралды

15 сәуір күні ZOOM платформасында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенованың жетекшілігімен салалық және жергілікті кәсіподақтар ұйымдары төрағаларының қатысуымен онлайн қызметтік жиналысы өтті.

ккк
Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясының сұрақтары талқыланды.

Еңбек шиеленістерінің алдын алу, еңбек қатынастарын реттеу және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін әлеуметтік басымдықтар аясында ұсыныс-пікір алмасулар болды.
Сонымен қатар, отырыстың күн  тәртібінде кәсіподақтар қозғалысында еңбегі сіңген ардагер, өңірге белгілі қайраткер, Ұлы Отан соғысының батыры Мұхтар Әжіғұловтың туылғанына 100 жыл толуына орай ардагердің есімін көше атауына беру туралы ұсыныс талқыланып, кәсіподақ жетекшілері бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале