6.06.2022, 16:00
Оқылды: 62

Үш аптаның ішінде Африкадан тыс жерлерде маймыл шешегін жұқтырудың 780 жағдайы тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұрын вирус анықталмаған елдерде маймыл шешегін жұқтырудың 780 жағдайы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

13

Бұл бір апта бұрын халықаралық ұйым хабарлаған 257 жағдайдан шамамен үш есе көп.

Ұйым маймыл шешегі бұған дейін аталған вирус анықталмаған 27 елде тарағанын мәлімдеді. Жаңа жағдайлардың көбі Еуропа мен Солтүстік Америкада, сондай-ақ Мексика, Аргентина, Марокко және Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген.

Ауру жұқтыру жағдайларының ең көбі Ұлыбританияда (207), Испанияда (156) және Португалияда (138) тіркелді.

Бұл инфекцияның Орталық және Батыс Африкадан тыс жерлерде бірінші рет таралуы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале