20.06.2022, 16:45
Оқылды: 139

Үш ауысымды мектеп мәселесі әлі де азаймай тұр

Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат  Оралов ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өңірлердегі азаматтарды қабылдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаевпен бірге облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев қосылды.

WhatsApp Image 2022-06-20 at 16.06.07

Теректі ауданындағы күрделі мәселелердің бірі - Подстепный елді мекеніндегі мектептердегі бала санының өсуіне байланысты орын тапшылығы. Қабылдауда осы мәселені шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінде екі жыл қатарынан оқыту үш ауысымда жүргізілуде. Қазіргі таңда Подстепный ауылында он мыңнан астам халық тұрады. Болжам бойынша, халық саны алдағы 3-4 жылда 12 мыңға дейін жетеді деп күтілуде. Себебі елді мекенге көшіп келіп, қоныстанып жатқандар өте көп. Алты мыңнан астам адам жер кезегінде тұр. Подстепный ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан Тоқпай елді мекенінде 2020 жылдан бастап 40 үш қабатты алты пәтерлі үй салынды және жер телімін беру жоспарда. Жалпы 4-5 жылда 6-18 жастағы бала саны 4500-ге жетуі мүмкін.

WhatsApp Image 2022-06-20 at 16.06.06
Осы елді мекенде екі орта мектеп жұмыс істеп отыр, соның ішінде ағымдағы оқу жылы 345 оқушыға арналған Подстепный орта мектебін (қазақ мектебінде) 892 оқушы үш ауысымда оқып, аяқтады. Келесі оқу жылы да бұл мәселе жалғасын табуы мүмкін. Қазір таңда Подстепныйдағы №1 мектепті 995 оқушы аяқтап, 140 бала 1-сыныпқа қабылданып отыр. Мектеп алды даярлық сыныбына 130 оқушы келеді. Сонымен қатар №1 және №2 саяжай аумақтарында 500-ден астам оқу жасындағы бала бар, жыл сайын бұл оқушылар да Подстепный ауылында оқуға ниет білдіріп отырады. Орын тапшылығына байланысты қабылдауға мүмкіндік болмай, оқу жылының басында мәселе үлкен дауға айналып отыр. Подстепный ауылындағы мектептерге Тоқпай ауылынан балдар тасымалданады. Тоқпай ауылында да халық саны жыл сайын өсіп келеді.
Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің хабарлауынша, республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, Подстепный елді мекеніне жаңа мектеп салу 2023 жылға жоспарланған. Аталған мәселе бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне хат жолданатын болды.

"AMANAT" партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале