17.01.2023, 11:44
Оқылды: 33

Үш жылда ауылдарды дамытуға бюджеттен 326 млрд теңге бөлінді

2019-2022 жылдары «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасының аясында республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1df74b81ff9c00f579264c53886c95a7

Фото: okg.kz

Үкімет отырсында Ұлттық экономика отырысында Әлібек Қуантыров осындай дерек айтты.

«2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7,8 млн жуық адам тұрады. «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру үшін елдегі ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары, ауыл тұрғындарының 90% қамтылған 3,5 мың ауылдық мекен іріктелді. Бұл ауылдарды дамыту бойынша жұмыс 2019 жылдан бастап «Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберінде жоспарлы түрде басым тәртіппен жүзеге асырылуда. 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды», - деді министр.

Бұл қаражатқа 334 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі салынған көрінеді.

«1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және 2,2 мың көлік инфрақұрылымы объектілерін жаңадан салуға және жөндеуге мүмкіндік берді, шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды», - деді Әлібек Қуантыров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале