22.10.2021, 11:01
Оқылды: 289

«Ұжым менің басқарғанымды қаламаса,қызметтен кетемін»

Сәрсенбіде  «AQJAIYQ»  ӘКК»  АҚ-да  корпорация    ұжымының  басқарма  төрағасы  Әлімжан  Тохтасуновтың  үстінен  жазылған  шағымхатқа  байланысты  баспасөз  мәслихаты  өтті. 

cac572e1-dbda-4ecc-aef8-7035f80ca57b

Басшы ретінде үстімнен шағымхаттың жазылуына кінәмнің бар екенін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл жағдайды нақты таразылауды директорлар кеңесінен күтемін. Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанымда, облыс басшылығы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның жұмысын жандандыруды, инвестиция тартуды, инвесторларды қолдауды тапсырды. Өкінішке орай, бұл мәселелер тиісті деңгейде емес еді. Қызметке кіріскенімде аудиторлық тексеріс жасаттым. Соның нәтижесінде кейбір қызметкер өздерінің құзыреттілігінің талапқа сай еместігін түсініп, қызметтен кетуге өтініш жазды. Облыс әкімдігінің тапсырмасымен Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасын салу жөнінде меморандумға қол қойылды. Бәйтерек ауданындағы Белес ауылы маңынан үш жаңа жылыжай құрылысын салуға 116 га жер телімі бөлінді. Балық өсіруге байланысты инвесторларды іздеу жұмыстары жалғасуда. Қажет болса, барлық жоба бойынша анықтама-ақпараттарды  беруге да-йынмын. Шағымхатта пайда жоқтығы айтылған,  ол дұрыс. Ивестициялар бір айда табыс әкелмейді. Кез келген жоба үшін уақыт керек.  Директорлар кеңесінің мүшелері құрамынакіретін құзыретті комиссияға корпорациядан лайықты қызметкерлер де тартылып, тексеріс жүргізілсін. Егер шағымхатта көрсетілген фактілер расталса, мен арыз жазып, қызметімнен кетуге дайынмын. Сондай-ақ заңбұзушылықтар анықталса, мені заң бойынша жауапқа тартсын.  Бірақ мен бұл шағымхатта көрсетілген фактілердің жалған екендігін, оны тексеру қажеттін мәлімдеймін. Мүмкін мен талапшыл басшы шығармын, олардың жұмыстан шығарылғаны, заңбұзушылықтары мен біліксіздіктері үшін сөгіс бергенім барлығына ұнамас. Біз «Акционерлік қоғам туралы»  заңы бойынша жұмыс жасаймыз. Сондықтан директорлар кеңесінің мүшелеріне шағым бойынша тексеріс ұйымдастыруды, қай жерде заң бұзғанымды анықтауды өтінемін,  – деді Ә. Тохтасунов.

Басқосуда ӘКК-ның тәуелсіз директорлар кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат-тың депутаты Мұрат Жәкібаев  жаңа төрағаның қызметке келуімен корпорацияның іскерлік, экономика лық белсенділігінің артқанын атап көрсетті.  «Корпорация басшылығымен 13 жоба жүзеге асырылуда дей-сіз, оны жұртшылыққа жеткізу керек. Корпорациядағы қалыптасқан жағдай, сіз таңдаған мамандар да қол қойған ұжымдық шағымхат біз үшін тосын жайт болды.  «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген мәтел бар. ӘКК-ның қаржылық, шаруашылық қызметтеріне қатысты сұрақ көп. Сондықтан хатта көрсетілген әр мәселеге байланысты заңдылық шеңберінде аудит өткіземіз. Жобаларға да қатысты тексеріс жасалады. Әріптестеріңіздің теріс пікірде болуы, әрине, бәріне бірдей жақсы бола алмайсыз. Бірақ ұжым  – негізгі қозғаушы күш. Сіз түпкі нәтижеге ұмтылатын жігерлі адамсыз, сондықтан  бір жерде «төтенше жағдай» орын алған-ды. Ұжымға да қоятын сұрақтарым бар. Сіз келгенге дейінгі жобалардың жағдайы нешік? Оларға да аудит жүргіземіз», – деді Мұрат  Жәкібаев.

Тәуелсіз директорлар кеңесінің мүшесі Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, шағымхатта көрсетілген фактілерді тексеруге комиссия құрылады. Тәуелсіз директор, кәсіпкер Александр Елькин соңғы  6 ай ішінде ӘКК-де көп шаруа атқарылғанын жеткізді.  «Республикалық маңызы бар төрт жоба жүзеге асырылуда.  Олар  – тігін цехы, мектеп құрылысы, Шалқар көлі және Көшім ауылындағы демалыс орындары жобалары. Бесінші,  индустриалдық аймақ құру жобасы облыс басшылығымен талқыланды. Төраға корпорацияны дамытуға көп еңбек сіңірді, оған алғысымызды білдіргіміз келеді»,  – деді ол. Кәсіпкер Валентина Шарина, директорлар кеңесінің мүшесі Михаил Марченко да әріптесінің сөзін қолдайтындарын  білдірді.

– Шағымхатқа баға берілгенін қалаймын. Ұжым менің басқарғанымды қаламаса, қызметтен кетемін. Өтініш те жаздым. Бұл құжат  басқарма төрағасының ғана емес, қызметімізге мониторинг жасайтын акционеріміз, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқарманың, даму жос-парымызды бекітетін, есебімізді мақұлдайтын директорлар кеңесінің құзыреттілігіне көлеңке түсіреді. Шағымға қол қойған, қызметте өсірген бес маманды шақырып алып, неге қол қойдыңыз, менен не жамандық көрдіңіздер деп сұрадым. Сонда бір қызметкер: «Жігіттер «Бұл  –  біздің қаламыз, бізді басқа жақтан келген бөтен біреудің басқарғанын қаламаймыз» деген соң ұжымға қосылдым» дегені. Арызда қаржылық заңбұзушылықтар жасады делінген. Осы-ны тексеруді сұраймын. Маған қызметтен не үшін кететінімнің анықтамасы маңызды. Заң бұзғаным үшін бе, әлде өз еркіммен бе? – деп қорытты сөзін  Ә. Тохтасунов.

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,

Орал өңірі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале