2.12.2021, 11:02
Оқылды: 76

Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады

Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады, айыппұл төлемегендер бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай ережені Австрия үкіметі қабылдамақ. Бұл туралы Die Presse басылымы жазды.

6a6bf06049c2f28d8810c7832f251176

Нақтырақ айтсақ, вакцина алудан бас тартқан австриялықтарға 7200 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

19 қарашада Австрия Үкіметі локдаун жариялады және коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау туралы заң жобасын әзірлейтінін мәлімдеді.

Die Presse газеті осы құжатан үзінді жариялады. Үкімет вакцинадан бас тартқандарға 3600-ден 7200 еуроға дейін айыппұл салуды жоспарлап отыр. Ал айыппұл төлеуден бас тартқандарды 4 аптаға түрмеге қамауы мүмкін.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале