30.04.2021, 10:54
Оқылды: 58

Венера Бахметова: «Жымпитыда жұрттың бәрі бір-біріне туысқан»

Жымпитыдағы «Дильназ» дүкенін әмбебап сауда үйі деген дұрысырақ болады. Киім керек пе, осында келіңіз. Неше шұрайын табасыз. Мүмкін тұрмыстық тауар немесе құрылысқа қажетті материалдар, құрал-саймандар керек шығар? Көлік пен велосипедке қосалқы бөлшектер де «Дильназда» бар. Ыдыс-аяқ та, теледидар мен ұялы телефонның аксессуарлары да, электр құралдар да осы жерде. Бір қызығы, зәулім сауда үйінде сізге тек бір сатушы қызмет көрсетеді. Венера апа ұшып жүріп керегіңнің бәрін тауып береді. Сол екі арада ол сізбен амандық сұрасып, әңгімелесіп, тіпті үйдегі үлкен кісілерге сәлем айтып үлгереді. Біздің ауыл оны сол мінезі үшін жақсы көреді. Шаруасы болмаса да, осы дүкенге бір кіріп шықпауды ұят санайды жымпитылықтар.

dav

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 30 сәуір күнгі 2021 жылғы №35 санынан сырымдық журналист Бауыржан Ширмеденұлының «Венера Бахметова: «Жымпитыда жұрттың бәрі бір-біріне туысқан» атты мақаласынан оқи аласыздар!

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале