9.12.2023, 13:00
Оқылды: 63

Владимир Путин бесінші рет президент сайлауына түседі

Владимир Путин 2024 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын айтты. Бұл туралы журналистерге Кремльде өткен Отан қаһармандары күніне арналған салтанатты шараға қатысушылар айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап. 

IMG-20231208-WA0235

Владимир Путиннің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігі 2024 жылдың 7 мамырында аяқталады.

Ресейде кезекті президент сайлауы 17 наурызға белгіленген.

Бұл жолы Путин бесінші рет президент сайлауына түседі.

Жеңіске жетсе, тағы алты жыл, 2030 жылға дейін мемлекет басшысы қызметін атқарады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале