15.01.2024, 15:30
Оқылды: 93

Волейболдан оралдық ұландықтар жеңімпаз атанды

Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Спорттық бәсекеде Атырау, Ақтөбе, Ақтау Орал, және Жаңаөзен қалаларынан келген алты команда, барлығы алпысқа тарта спортшы бақ сынады.

PHOTO-2024-01-15-14-25-15

Жарыстың ашылу салтанатында 5548 әскери бөлімінің командирі  подполковник Санат Табетов сөз сөйлеп, әскери қызметшілердің арасында спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызын атап көрсетті.

b0954b0c-30aa-42f0-8d7b-a7c96f74fd17

Ойын алаңына алғашқылардың бірі болып Орал қаласының 5517 әскери бөлімінің командасы және Жаңаөзен қаласының 5548 әскери бөлімінің волейболшылары шықты. Алғашқы минуттарда Орал қаласының командасы шабуылдарын үдетіп жойқын соққылар жасап, есепті еселеп алды. Деседе Жаңаөзендіктер де қарап қалмады. Ойын тізгінін өз иеліктеріне алған олар қарсылас команданың қателіктерін ұтымды пайдаланып есепті теңестіре білді. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда қос команданың ойыншылары барын салып ойнады. Алайда шапшаң қимылдаған Орал командасының айы оңынан туып жеңіске жетті.

Өткізілген жарысқа қатысушылар бар шеберліктерін көрсетіп, өз командасы үшін аянып қалмады. Жалпы жарыс екі күнге созылды. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша Орал қаласының 5517 әскери бөлімінің командасы бірінші орынға қол жеткізсе, екінші орынды Ақтау қаласынан келген 6656 әскери бөлімінің ойыншылыры иеленді. Ал үшінші орынды алаң иелері 5548 әскери бөлімінің командасы қанағат тұтты. Жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Ертуған Әубакір

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале