10.11.2020, 9:12
Оқылды: 44

WBC титулының иегері Мадияр Әшкеев жеңіліп көрмеген америкалықпен айқасады

Қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта WBC (USNBC) чемпионы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) 17 желтоқсанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелесте рингке шығады.

бокс

Ол еш жеңіліп көрмеген америкалық Чарльз Конуэллмен (13-0, 10 КО) жұдырықтасады. Айқас Фредди Роучтың Wild Card Boxing залында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Жекпе-жек форматы – он раунд.

Айта кетейік, Әшкеев пен Конуэлл шаршы алаңға 10 сәуірде шығуды жоспарлаған болатын, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бокс кеші тоқтатылды.

Мадияр Әшкеев өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 9 қарашасында Американың Гавайан Гарденс қаласында өткізді. Онда ол жоспарланған сегіз раундтың бесінші раундында аргентиналық Родольфо Эзиквел Мартинесті (44-9-3, 16 КО) жеңді. Конуэллге келетін болсақ, жақында өнер көрсетті. 7 қазанда Анкасвиллде ол отандасы Венди Туссанды (12-1, 5 КО) нокаутқа жіберді.

inform.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале