4.09.2023, 10:00
Оқылды: 21

«WhatsApp» мессенджерінде ТЖ министрінің жеке құрамға арналған телефон нөмірі іске қосылды

Бүгіннен бастап «WhatsApp» мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған тікелей телефон нөмірі іске қосылып, жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

2C9B87A1-81F9-4297-9430-55EBFC43FC37

Сурет: ortcom.kz

ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша жедел және шұғыл шешімді талап ететін өздерін қызықтыратын және проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдауларына болады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале