6.10.2022, 17:00
Оқылды: 91

Хакерлер WhatsApp-ты қолданушылардың жеке деректерін алуы мүмкін - Дуров

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қолданушыларға WhatsApp-ты өшіруге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7

Дуров Telegram-арнасында WhatsApp хакерлерге қолданушылардың телефонындағы барлық дерегін алуға мүмкіндік беретінін айтты.

"Хакерге телефоныңызды бұзып алу үшін видео жіберсе немесе WhatsApp-та сізге видеоқоңырау шалса болғаны. (...) Дәл осындай мәселе WhatsApp-та 2018 жылы, содан кейін тағы 2019 жылы, тағы 2020 жылы болған. Иә, бұған дейін 2017 жылы да болды. 2016 жылға дейін WhatsApp-та шифрлау мүлде болған жоқ. Жыл сайын WhatsApp-та қолданушылардың барлық құрылғысына қауіп төндіретін қандай да бір мәселе туындағанын естіп жатамыз. Бұл қауіпсіздік жүйесінде жаңа ақау бар екенін білдіреді", - деп жазды Дуров.

Ол адамдарды Telegram-ға ауысуға итермелемейтінін түсіндірді.

"Өзіңізге ұнайтын кез келген хабар алмасу қолданбасын пайдалана аласыз, бірақ WhatsApp-тан аулақ болыңыз, ол 13 жыл бойы бақылау құралы болды. (...) Оны орнатсаңыз, телефоныңызды бұзып алу қиынға соқпайды", - деді Дуров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале