26.05.2022, 14:45
Оқылды: 117

Халық қалаулылары Оралдағы "Ұландықтарға" Конституцияға енгізілетін толықтырулар мен түзетулерді түсіндірді

Орал шаһарындағы 5517 әскери бөлімінде Конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша қалалық мәслихат депутаттарының әскери бөлім офицерлерімен және келісімшарт бойынша қызметкерлерімен кездесуі өтті.

PHOTO-2022-05-24-10-33-12

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.

Кездесуде "Amanat" партиясының қалалық мәслихат депутаттары Аида Маратова және Жұмабек Жапбарқұлов әскерилерге ел дамуындағы Конституцияның рөлі мен жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылады.

Іс-шара «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, полковник Ерден Балғымбаевтің модераторлығымен өтті.

Шара барысында Аида Маратова өз сөзінде бүгінде еліміз жаңа Қазақстанның жаңа ережелерін белгілейтін тарихи кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап өтті.

-Алдағы референдумның өткізілуі – талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Атап айтқанда, спикерлер дауыс беру белсенділігі елдің одан әрі даму бағытына қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді.

"Біріншіден, Президенттің жақын туыстары үшін саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды атқаруға шектеу;

Екіншіден, Президенттің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуына шектеу қою;

Үшіншіден, бұдан әрі Президенттің өңірлер әкімдерінің актілерінің күшін жою және тоқтата тұру, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерін босату құқығы алынып тасталады.

Бұл Президенттің өкілеттіктері қысқарып жатқанын, "супер-президенттік басқару үлгісінен" бас тартуды білдіреді", - деді қалалық мәслихат депутаты Аида Маратова.

"Қазір облыс әкімдерін Президент тағайындайды. Жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Былтыр ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау өткізілді. 2025 жылдан бастап облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерін сайлау өткізіледі. Облыс деңгейінде әкімдердің кандидатураларын мәслихаттармен келісу ұсынылады, яғни аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың барлығын қоса алғанда, барлық мәслихат ұсынылған кандидатуралардың ішінен әкімді таңдайды. Олар келіспеуі мүмкін. Іс жүзінде бұл да Президентінің қазіргі өкілеттігін қысқарту болып саналады", - дейді Жұмабек Жапбарқұлов.

«5 маусымда өтетін Референдум көптеген өзгерістер алып келеді деп ойлаймын. Қазіргі таңда бұл Президент бастамасын түсіндіруде жақсы жұмыстар атқарылуда, осы түсіндіру жұмыстары қарқынды түрде жалғасын табуы керек. Себебі 1995 жылғы Референдумнан бұл Референдум ерекше болмақ, сондықтан да халықтың, мына жастардың оянатын кезі келді»,- деп сержант Жақсылық Нұркенов өз пікірін білдірді.

Кездесуде Халық қалаулылары Конституцияның ел дамуындағы рөлі мен конституциялық реформаның «Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңыздылығын талқылап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Шара соңында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының  тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, полковник Ерден Балғымбаев меймандарға «Батыс» өңірлік қолбасшысының  атынан шексіз алғысын білдіріп, алғысхаттарды табыстады.

Әсел Балғымбаева,

кіші сержант

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале