22.12.2023, 15:05
Оқылды: 84

Халықаралық байқаудың жеңімпазына алғысхат табысталды

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы жас сайлаушылармен жұмысты кеңінен жолға қойған.

413790553_315672861437467_5464225692296853489_n

Облыс орталығындағы бірқатар оқу орнында «Жас сайлаушы» клубтары бар. Комиссия мүшелері жастармен кездесіп, сайлау үрдісіндегі жаңашылдықтар туралы әңгімелеуді дәстүрге айналдырған.

Ал жақында ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы демократияны дамыту халықаралық институтынан ақжолтай хабар жетті. Бұл институт 15 қыркүйек пен 30 қараша аралығында «Әлем елдерінің сайлау жүйесі» атты студенттердің 4-ші интернет Олимпиадасын ұйымдастырған болатын. Олимпиадаға ТМД елдерінің 172 Жоғары оқу орнынан 2476 студент өздерінің ғылыми жұмысын ұсынды. Байқауға облыс жастары да белсенді атсалысып, 30 студент өздерінің ғылыми жұмысын ұсынды. Халықаралық зияткерлік дода барысында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Әлия Нұрбердиева жүлдегер танылса, осы оқу орнының студенті Ақжан Бақытжан жеңімпаз атанды. Осы халықаралық олимпиаданың жеңімпазына орталық сайлау комиссиясының төрағасы арнайы алғысхат жолдады.

Алғысхатты Ақжан Ержанұлына жылдық қорытындысына арналған жиында БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Капаков тапсырды.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының

 баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале