Электр жүйесі - өзекті мәселе
11 Тамыз 2022

Электр жүйесі - өзекті мәселе

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты
11 Тамыз 2022

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!
11 Тамыз 2022

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!

Жастармен жарқын жүздесу
11 Тамыз 2022

Жастармен жарқын жүздесу

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті
11 Тамыз 2022

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
11 Тамыз 2022

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Халыққа нақты нәтиже керек — Әлихан Смайылов БҚО-ны кешенді дамыту жөнінде тапсырма берді

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

e5da3918-7f72-47a8-a57b-77ab0e9707a1
Кеңесті ашқан Премьер-Министр бірінші кезекте облыстың шешілмеген басты мәселелерінің біріне тоқталды.
«Кеше ғана Президент “Egemen Qazaqstan” газетіндегі Батыс Қазақстан облысының жолдарының жағдайына арналған “Күре жолдағы күрсініс” мақаласын оқып, маған және облыс басшылығына барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Ғали Нәжімеденұлы (Есқалиев – БҚО әкімі), осыдан тура бір жыл бұрын дәл осы салаға жауапты орынбасарыңыз Президенттің тапсырмасымен қызметінен босатылған еді. Бір жыл өтсе де, проблема әлі шешілмеген. Өңірдің проблемалары тез әрі тиімді шешілуі үшін үнемі Президент араласып, тапсырма беруі қажет пе?» — деді Әлихан Смайылов.

32f43733-08d4-4986-8dda-8f1a3063a5cf
Өз кезегінде облыс әкімі Ғали Есқалиев жолдардың нашар жай-күйінің негізгі себебі қаржыландырудың жеткіліксіздігімен және пандемияның әсерімен байланысты екенін атап өтті. Өткен жылы жергілікті маңызы бар 330 шақырым жол жөнделді. Облыс орталығын Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен байланыстыратын автожолды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл бұл мақсатқа 15 млрд теңге қарастырылған.
Әлихан Смайылов облыс әкімі мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

22e3e86e-abb5-4747-83f0-d3f5fb04e6f3
Сонымен қатар кеңесте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов баяндама жасады.
Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу, машина жасау және кеме жасау салалары, құрылыс индустриясы және азық-түлік өндірісі дамып келе жатқанын, бұл – БҚО-ны еліміздің маңызды индустриялық-аграрлық өңірлерінің бірі ететінін атап өтті.

71101247-4f85-43bd-9c5a-a77bfae75f9e
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл ақпан айында Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды. Жоспардағы іс-шараларды қаржыландыру 2,6 трлн теңгені құрайды. Бұл бірқатар маңызды жобаларды іске асыруға, жаңа өнімдер шығаруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Өңірдің алдағы уақыттағы негізгі міндеті аталған жобаларды уақытылы әрі сапалы іске асыру болуы керек», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Батыс Қазақстан облысына 103,4 млрд теңге  сомасында шығын қарастырылған. Бюджетті нақтылау барысында тағы да 32,2 млрд теңге бөлінді. Бұл шығыстар өңірдің инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік қажеттіліктеріне: автомобиль жолдарын жөндеу мен реконструкциялауға, сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға, мүгедектерді оңалту орталығын салуға, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға, индустриялық аймақтың құрылысына, электрмен және газбен жабдықтауға, өзен жағалауын бекіту жұмыстары мен тасқын судан қорғауға, білім беру объектілерін жөндеуге жұмсалады.

4aeb7d30-2c67-4776-919f-ca014c447ab8
Бұған қоса, бюджетті нақтылау кезінде агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, өңірлік еңбек нарығын дамытуға және «Ауыл – Ел бесігі» жобасына қаражат бөлінді.
«Бұл қаражатты мақсатты түрде тиімді игеріп, сапалы нәтижелерге қол жеткізу қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр басқа да бірқатар мәселеге тоқталды. Атап айтқанда, ол бүгінгі таңда әлемде азық-түлік тауарлары бағасының күрт өскені байқалатынын еске салды. Осыған байланысты Үкімет пен өңірлер әкімдерінің негізгі міндеті – бағаның негізсіз қымбаттауына жол бермей, өз нарығымыз үшін әлемдік баға өсімінің әсерін барынша азайту.
«Облыста жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 14%-ға өскен. Әкімдік баға үстемесіне бақылауды күшейтуі қажет. Оңтүстік өңірлерден және Орталық Азиядағы көршілес елдерден ерте пісетін көкөністерді әкелу үшін тікелей шарттарға отыру керек. Тапшылықты және бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін форвардтық схема бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мәселесін пысықтау қажет», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.
Әлихан Смайылов өңір экономикасы негізінен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының қызметіне тәуелді екенін айтты. Сондықтан экономиканы әртараптандыру үшін биыл өңірде машина жасау, металлургия, мұнай өңдеу, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі салаларында жалпы құны 243,8 млрд теңгені құрайтын 37 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

ac909827-a95d-4181-beef-85447e403aac
Отырыс қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдікпен бірлесіп, жыл соңына дейін жергілікті жолдардың нормативтік жағдайын қазіргі 39%-дан 46%-ға дейін көтеру; Энергетика министрлігіне: Батыс Қазақстан облысын тұрғындар үшін қолайлы бағадағы тауарлық газдың қосымша көлемімен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру; Орал жылу электр орталығын реконструкциялау үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін пысықтау; 1 шілдеге дейін облыс аумағында газ-химия кешенін құру және оны шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау; Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері және әкімдікпен бірлесіп, өңірдегі тозығы жеткен электр желілерін азайту мәселесін пысықтау тапсырылды.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Қаржы  министрліктерімен бірге 77 тірек және 109 спутниктік ауылды дамыту үшін және өңірдің медициналық желісін жаңғырту үшін қосымша қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдікпен бірге, Батыс Қазақстан облысын етті мал шаруашылығын дамытудың ғылыми өндірістік базасы ретінде айқындау мәселесін пысықтау тапсырылды.
«Мемлекет басшысы алдымызға нақты міндеттерді жүктеді. Халық жаңа Үкіметке және жергілікті билікке үмітпен қарап отыр. Сол сенімді ақтап, үміттің үдесінен шығу – парызымыз. Әрбір ісіміз сапалы, көпшілікке пайдалы болуы керек», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале