14.07.2023, 12:30
Оқылды: 1096

ХІ Азаматтық форум: панелдік сессиялар басталды

Осыған дейін, бүгін қаладағы «Атамекен» өнер ордасында «Инклюзивті мемлекеттік саясат: азаматтық қоғамның үлесі» тақырыбында өңірлік ХІ Азаматтық форумы өтіп жатқанын жазған едік.

ЖП АФ (5)

Әлеуметтік жобалардың құрылымын қайта қарау, ҮЕҰ-ды құру, қолдау және дамытудың жаңа тәжірибесін зерделейтін жиын «Қоғамға пайдалы бол» тақырыбындағы көрмемен ашылды.

Кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен форумның пленарлық отырысы өтті.

Ал дәл қазір форум аясында панелдік сессиялардың отырысы басталды.

Панелдік сессиялардың жұмысына ЖАО, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері мен жетекші тренер, сарапшылардың қатысып жатыр.

ЖП АФ (4)

Онда бизнестің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдан күтетін нәтижесі және жаңа мүмкіндіктері мен қиындықтары, ҮЕҰ және БАҚ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жөнінде сөз қозғалып, талқыланып жатыр.

zhaikpress.kz

8161a7d3-68fd-4b71-a6ae-a688fef32e58 c18aa107-9e4d-481e-993e-36f75e3eb257

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале