13.07.2022, 9:45
Оқылды: 115

ХҚО-да жер учаскесін рәсімдеу қолжетімді бола түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскесін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті, деп хабарлады ХҚО-ның БҚО филиалының баспасөз қызметі.

6408c326-e735-4997-97aa-35e554f52c7c

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде көрсетіледі. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста бола алады. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.

Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру.

Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚО-дан алуға болады.

Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған.

Батыс Қазақстан облысында коммерциялық қызметтер барлық ХҚО бөлімдерінде қолжетімді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале