17.04.2024, 12:30
Оқылды: 111

Январцевтағы су деңгейі 18 сантиметрге өсті

Январцевтағы су деңгейі 18 сантиметрге өсті.

январцев жайык

- Январцев ауылындағы гидробекеттегі көрсеткіш бойынша ауыл маңындағы су деңгейі 818 см құраған. Соңғы бір тәулікте су деңгейі 18 см-ге өсті. Ал Орал қаласындағы гидробекетінде су деңгейі 779 см көрсетті. Қала маңында су деңгейі бір тәулікте 3 см-ге өсті.
Орынбор қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі – 1109 см. Ол жақта су деңгейі 34 см-ге түсті. Ирикла су қоймасынан секундына 345 шаршы метр су жіберіліп жатыр.

Шаған өзені бойынша айтар болсақ, Чувашин гидробекетіндегі су деңгейі 716 см құрап отыр. Ол жақтағы су деңгейі бір тәулікте 12 см-ге түсті, - деді
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы директорының орынбасары Олжас Садыров.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале