9.09.2021, 17:43
Оқылды: 136

Ынталы мамандарға қолдау бар

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да мемлекеттілікті нығайту, отандық экономиканың әлеуетін арттыру арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарта түсу бағытындағы атқарылған істерді саралай келіп, алда тұрған ортақ мұрат-мақсаттарды айқындап берді. Менің түсінігімше, біз қол жеткізген және алдағы уақытта қол жеткізетін барлық игілік-жақсылықтардың негізі – көп ұлтты отандастарымыздың ынтымақ-бірлігі. Демек, біздер, жастар ұлтаралық жарасым мен дінаралық татулық-түсіністіктің қазірден бастап ұйытқысы болуға тиіспіз. Ел ішіндегі, қазақстандық қоғамдағы тыныштық пен жалпыұлттық бірлік дамудың алғышарты.

32

Осы жайтты өскелең ұрпақ қай ұлттың перзенті, қай діннің өкілі екендігіне қарамастан қаршадайынан санасына түйіп өсуі тиіс. Мұндай саналы көзқарас отбасындағы үлгі-өнегемен, мектептегі тәлім-тәрбиемен қалыптасады.

Қоғамды, экономиканы дамытатын, халықтың өмірін жақсартатын кәсіби білім-білігі жоғары мамандар. Сол себепті мен құрбы-құрдастарымды, барша замандастарымды өзіміз таңдаған мамандықтың нағыз маманы болып қалыптасуға шақырамын. Ол үшін теориялық білімді қажырлылықпен игеріп, практикалық білік-машықты табандылықпен меңгерейік! Егер еліміз әлемдік өркениеттің алдыңғы легінен көрінсін десек, біз, жастар цифрлық трансформацияны, жаңа технология атаулыны мейлінше тез меңгеруге тиіспіз. Қасым-Жомарт Кемелұлының «Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек» - деуі, міне, сондықтан.

Жолдаудан туындайтын іргелі мұрат-мақсаттарды дені сау, санасы сергек халық қана жүзеге асыра алады. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, спорттың бұқаралығын арттыру мен жалпы ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруда да  жастарға зор сенім артылатындығы мемлекет басшысының Жолдауынан айқын сезіледі. Ендеше, Отанның үміт-сенімін ақтайық, достар!

 

Айымжан Тоқжанова,

                                          Еуразия ұлттық университеті халықаралық

                                             қатынастар факультетінің студенті,

                                                          Нұр-Сұлтан қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале