Бақ баптағанға грант беріледі
4 Наурыз 2021

Бақ баптағанға грант беріледі

Экспортерлерді қолдау тетіктері тиімді
4 Наурыз 2021

Экспортерлерді қолдау тетіктері тиімді

Бақылау комиссиясы рейд жүргізді
4 Наурыз 2021

Бақылау комиссиясы рейд жүргізді

Батысқазақстандық оқушылар халықаралық конкурстан жүлделі оралды
4 Наурыз 2021

Батысқазақстандық оқушылар халықаралық конкурстан жүлделі оралды

БҚО-да 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқи бастады
4 Наурыз 2021

БҚО-да 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқи бастады

Алаштың ақтаңгері
4 Наурыз 2021

Алаштың ақтаңгері

21.01.2021, 16:44
Оқылды: 219
Заң жобаларын талқылауға атсалыссақ...

(Жалғасы.  Басы газеттің №4, 15 қаңтардағы санында)

Дәл қазір Қазақстан қоғамында, оның ішінде қазақтілді ортада «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы үлкен қоғамдық пікірталас  тудыруда. Ол турасында газет оқырмандары сұрақтарын хат арқылы да, телефон арқылы  да  жолдауда. Осыған байланысты заң жобасына қатысты қысқаша ақпарат бере кетейін.

FE77DF38-2214-4990-AB66-A0ECA4F8D14F

Заң жобасы былтырғы жылдың сәуір айынан бері Парламент қабырғасында қаралуда. Атап айтқанда, заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісінде арнайы жұмыс құрылып, оған депутат Айгүл Нұркина жетекшілік етуде. Былтырғы жылдың сәуір айынан бері жұмыс тобының 23 отырысы болып, заң жобасы мәжілістің бірінші оқылымында қаралған. Ал екінші оқылымы шамамен жаз айларына белгіленіп отыр, ол мерзім одан әріге де ысырылуы мүмкін. Егер Мәжіліс депутаттары екінші оқылымын да қарап мақұлдаса, ол одан әрі Сенатқа, Сенат келісімін берген жағдайда, бекіту үшін Президентке жолданады. Содан кейін барып, жоба заң мәртебесіне ие болады. Парламент тарихында айлап емес, жылдап қаралмай жатқан заң жобалары бар. Менің айтқым келіп отырғаны, дәл осы заң жобасына алаңдаушылық білдіріп жатқан жұртшылық, осы белсенділігін сауатты қолданып, заң жобасының жоғары сапасын қамтамасыз етуге толық  мүмкіндіктері  бар.

Осы орайда өзімді қазақтілді ортаның осы заң жобасын талқылаудағы белсенділігі сөзсіз қуантатынын айтқым келеді. Себебі  бізде заңдар орыс тілінде талқыланады, талданады, қабылданады, сосын барып қазақ тіліне аударма жасала қояды. Парламент тарихында қазақ тілінде дайындалып, қабылданған мен білетін, екі-ақ заң бар.  Олар  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және «Көші-қон туралы» заңдар. Ал заң шығарудағы тіл мәселесі, ол өте маңызды. Адам қай тілде тәрбие алса, сол елдің мәдениетін бойына сіңіретіні бесенеден белгілі жәйт. Сондықтан  тілі қазақша шықпаған адам, қазақтың мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалай,  қайтіп  ұқсын?!

Бұл жерде жағдайды күрделендіретін тағы бір мәселе, ол – біздегі заң жобаларының «дамыған елдердің тәжірибесі» деген желеумен көбіне көшірілетіндігі. Әрине, заң шығару барысында бізден басқа елдердегі жағдайды білген, озығын қолданған дұрыс, бірақ міндетті түрде жергілікті жердің ерекшеліктерін, халықтың менталитетін ескеру керек. Басқа елдің заңын сол қалпында көшіре салып, біздің елде сол қалпында қолдануға келмейді.

Жалпы алғанда, менің өз ойым – «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» сияқты заң бізге керек. Алайда заң жобасының көптеген бабына сөзсіз өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет етеді. Ол үшін сіз бен бізге белсендірек әрі сауатты қимылдауымыз керек. Әлеуметтік желідегі белсенділігіміз жеткіліксіз, себебі бәрібір Парламенттегі осы заң жобасына қатысты жұмыс тобында сізбен бен біздің тілімізді түсініп, әлеуметтік желіге ашық шығып, бізден пікір таластырып отырған бір адам жоқ. Сондықтан газет оқырмандарын ата-ана ретінде, елдің азаматы ретінде, шынымен де, аталған заң жобасының жәйі толғандыратын болса, онда осы мәселеге араласудың  екі  жолын ұсынамын.

Бірінші, интернет арқылы депутат Нұркина Айгүл Қабдешқызы деп терсеңіз, онда http: //www.parlam.kz/ru/blogs/nurkina/Biography деген мәлімет шығады. Осы сілтемеге кіру арқылы, «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі ретінде, депутат атына өз ой-пікірлеріңізді жолдайсыз. Сол арқылы заң жобасын талдауға, талқылауға қазақ тілінде үлесіңізді қосасыз, қазақ тіліне  қажеттілік  тудырасыз.

Екінші жолы, өз ойларыңызды газетіміздің редакциясына жолдайсыз. Біз өз тарапымыздан оқырмандардан түскен пікірлерді жинақтап, осы заң жобасының жұмыс тобына елдің атынан аманат-хат табыстайтын боламыз.

Жалпы, мен оқырмандарымызды, елімізде қабылданғалы жатқан қандайда бір болмасын, заң жобаларына қатысты сергектік танытып, белсенді әрі сауатты қимылдауға шақырамын. Өйткені заң – сіз бен мемлекет арасындағы келісімшарт іспетті. Ол заң жобасынан заңға айналғаннан кейін, мен бұлай келіспеп едім деу кеш болмақ.

Абзал Құспан,

адвокат, «Заң  және  біз» арнайы  бетінің қоғамдық редакторы