12.11.2021, 14:53
Оқылды: 275

Заңтану факультетінің студенттері сот жұмысымен танысты

Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне деген сенімді жоғарылату мақсатында Орал қаласының №2 сотына ашық есік күні аясында Жоғары инженерлік технологиялық колледжінің заңтану факультетінің студенттері мен оқытушылары келді. Қонақтар соттың заманауи форматтағы жұмыстарымен, сондай-ақ электронды сервистерімен танысты. 

17

Орал қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі Фазила Танатова сот төрелігінің жүктемесін оңтайландыру және заңнаманы одан әрі ізгілендіру бойынша өзгерістер туралы баяндады. Студенттерге сот жүйесіндегі өткізіліп жатқан реформаларға тоқталып, бейнебайланыс жүйесі мен «TrueConf» мобилді қосымшасының қолданылуымен таныстырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке түсетіндерге қойылатын талаптар туралы, сот мамандарының, сот отырысы хатшысының міндеттері туралы айтып берді.

Сот жұмысымен және бұл салада болып жатқан өзгерістермен танысуға келгендер сот ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Атап өту керек, студенттер сот мамандығына үлкен қызығушылық танытты.

Орал қаласының №2 соты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале