12.04.2024, 16:58
Оқылды: 54

Зардап шеккен халыққа 266 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді

Төтенше жағдайға тап болған облыс жұртына ерікті түрде көрсетілетін гуманитарлық көмекті және қорларға түскен қаржылай көмекті қабылдау, сақтау және оны таратып беру жөніндегі комиссиясының шешімімен гуманитарлық көмек Бәйтерек, Бөрлі, Теректі, Қаратөбе, Ақжайық аудандары мен Орал қаласының тұрғындарына берілген. Бұл ақпаратты өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек қабылдау штабының жетекшісі Аслан Тапишев баяндады.

WhatsApp Image 2024-04-12 at 17.44.35

– «AMANAT» партиясы тарапынан жиналған 20 млн. 148 мың теңгеге азық-түлік, киім-кешек, бастапқы керек-жарақтар, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары алынды. Сондай-ақ Достық үйінің базасында ұйымдастырылған су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қабылдау пунктінде 2 миллион теңге жиналды. Шымкент қаласынан келген 25 тонна гуманитарлық көмек те тиісті орнына жетті. «Ассамблея жастары», ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері мемлекеттік органдар мен ТЖМ қызметкерлеріне көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар Бәйтерек, Теректі, Қаратөбе және Бөрлі аудандарына гуманитарлық көмек жіберді, – деді Аслан Тапишев.

Аслан Нұрланұлы еліміздегі әртүрлі қайырымдылық қорлары да көмек көрсетіп жатқанын жеткізді. Атап айтар болсақ, «BIZBIRGEMIZ» қайырымдылық қоры арқылы келген 10 тонна гуманитарлық көмек Орал қаласы мен Қаратөбе, Теректі, Ақжайық, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында жіберілді. Оның ішінде 200 қайық, 220 мотопомпа, 500 матрац бар. «ASAR UME» қайырымдылық қоры Қаратөбе, Бөрлі, Казталов және Сырым аудандарына моторлы қайықтар, резеңке етіктер, мотопомпалар жіберді. «QARECET ENGINEERING» қоры және Парламент Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаровтың қолдауымен эвакуациялық пункттердегі зардап шеккендерге Орал қаласының дәріхана желілері арқылы 1 млн. теңгеге дәрі-дәрмек пен гуманитарлық көмек көрсетіледі.

– Астана қаласындағы «Dauletten» қайырымдылық қоры атынан 10 қайық, 60 суда киетін комбинезон, 41 құтқару жилеті және тұрмыстық шаруашылық, гигиеналық заттар келді. Оның құны 2 330 500 теңгені құрады.

– Су тасқыны басталғалы зардап шеккен халыққа 266 тонна гуманитарлық көмек берілді. Осы кезге дейін су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету және түрлі қорларға түскен қаржыны бөлу жөніндегі құрылған комиссияның 4 отырысы өткізілді. Комиссия құрамына қоғамдық кеңестердің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени орталықтардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың және т. б. көшбасшылары кірді, – деді А.Тапишев.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Фото: Замир Габдрахманов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале