6.09.2022, 11:03
Оқылды: 86

Зардап шеккендердің бәрі үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен азаматтардың бәрі үш ай ішінде баспаналы болады деп уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

photo_103837

"Расында бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Барлық көмек болады. Жаңа да айтып кеттім ғой. Ел болып, тұтасып, тату болып, бір-біріне көмектесіп, осы күрделі жағдайдан абыроймен шығамыз. Ең алдымен бірлік болсын!" - деді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб отырысын өткізген болатын.

"Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Үкімет менің тапсырмам бойынша тиісті мәселелерді шешумен айналысып жатыр. Бұл көмектің көрсетілетініне күмән болмауы керек!" - деді Президент.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын. Сапар барысында Президент Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысатыны айтылған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале