6.05.2022, 12:30
Оқылды: 169

Жабылған 8 банктің салымшыларына депозитіндегі ақшасын қайтару аяқталды

2 мамырда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры таратылатын сегіз банктің салымшыларына төлем төлеуді ойдағыдай аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

07

Аталған мерзімге дейін талап етілмеген кепілді өтем сомалары салымшылардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарнасы ретінде аударылады.

ҚР заңнама талаптарына сәйкес, өтем сомасын аудару төлем мерзімі аяқталған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде, яғни 2022 жылдың 31 мамырына дейін жүзеге асырылады.

Зейнетақы қорына «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларының өтем сомалары аударылады.

Бұл салымшылар үшін өтем сомасының БЖЗҚ-ға аударылуы жайында уайымдаудың еш қажеті жоқ – банк клиенттеріне аталмыш рәсім бойынша қосымша ақпарат беріледі.

Депозиторлар өтем ақшаларының зейнетақы шоттарына есептелгендігін ағымдағы жылдың 31 мамырынан кейін БЖЗҚ ресми сайтындағы жеке кабинеті, мобильді қосымшасы және қордың жергілікті кеңсесіне бару арқылы өз бетімен көз жеткізе алады.

Сондай-ақ бұл ақпаратты «электрондық үкімет» порталы немесе ҚДКБҚ-ға тікелей жүгіну арқылы алуға болады.

Сонымен қатар төлем мерзімі аяқталған соң да, оның ішінде талап етілмеген өтем сомасы БЖЗҚ-ға аударылған жағдайда да заңнама жүзінде салымшы үшін өзіне тиесілі өтем сомасын алуға өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.

Салымшы өтінішпен қатар төлем мерзімі барысында өтініш беруге кедергі келтірген мына мән-жайдың бірі болғанын растайтын құжатты қоса ұсынады: депозитордың әскери қызметке кіруі, ҚР шегінен тыс жерде немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы.

Салымшының мұра қабылдауы, мұра ашу және оны қабылдауға қатысты басқа да себептер, сондай-ақ сот анықтаған өзге де мән-жай да осыған жатады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале