Оян ауылдық кітапханасы аудан мерейін өсірді
18 Мамыр 2022

Оян ауылдық кітапханасы аудан мерейін өсірді

Бақытқа бастар жол
18 Мамыр 2022

Бақытқа бастар жол

Жөндеудің жырына нүкте қойылды
18 Мамыр 2022

Жөндеудің жырына нүкте қойылды

Қари дегеніміз кімдер?
18 Мамыр 2022

Қари дегеніміз кімдер?

Аудандық сотта заңдық фактілер талқыланды
18 Мамыр 2022

Аудандық сотта заңдық фактілер талқыланды

Былтырғы ана өліміне қатысты фактілер тексеріліп жатыр
18 Мамыр 2022

Былтырғы ана өліміне қатысты фактілер тексеріліп жатыр

17.09.2020, 20:17
Оқылды: 109
Жайық өзенінің жағдайы Қазақстан-Ресей форумында кеңінен талқыланады

Жайық өзенінің жағдайы Қазақстан мен Ресей шекаралық ынтымақтастық форумында кеңінен талқыланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

9C15181E-61C8-43AC-AD9F-3CA41D1981E6

Қараша айында Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей елдері шекаралық әріптестігі форумы өтеді. Жиында негізгі басымдық Жайық өзенінің жағдайын талқылауға беріледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысы жұртшылығымен болған онлайн-кездесуде мәлімдеді. «Біздің министрліктің бастамасымен осы жылы қарашада Көкшетауда өтетін шекаралық әріптестік форумында басымдық Жайық өзенінің жағдайына, Жайық өзеніндегі проблемаларға беріледі. Біз Ресей Федерациясына бірнеше рет барып, бұл мәселелерді көтергенбіз», - деді М.Мырзағалиев.

Онлайн-кездесуге қатысқан Экология министрлігі шекаралық өзендер департаментінің директоры Әлия Шалабекова өзенде гидрологиялық зерттеу жүргізу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты. Аталған зерттеуде гидротехникалық ғимараттардың өзенге әсері де ескеріледі. Zoom-жүздесу барысында Батыс Қазақстан облысы тұрғындары министрлік өкілдерімен өңірдегі экологиялық проблемаларды шешуге арналған Жол картасы жобасын да талқылады. Жоспар экологияны жақсартуға негізделген жиырмаға жуық іс-шарадан тұрады. Оның ішінде мемлекеттік орман қорындағы жасыл алқаптар аумағын 2025 жылға дейін 782 гектардан 1200 гектарға жеткізу, жолаушылар көлігінде дизель отынын пайдалануға тыйым салу, өндіріске қалдықтар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу және тағы басқа атқарылатын жұмыстар бар. Жол картасы халықтың ұсыныстары ескеріліп, екі апта ішінде дайындалып бітеді.

 zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар