28.07.2023, 13:00
Оқылды: 367

«Жайық Пресс» ЖШС бас директорының жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры  Табылғали Сапаров медиахолдинг ұжымына жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Нұрлыбек Нұрланұлы Рахманов тағайындалды.

c2a9aae8-0ad0-49f2-b082-ffce34d9b113

Ол «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының шығармашылық мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарады.

Нұрлыбек Нұрланұлы – 1987 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Филология» факультетін тәмамдаған.
2011-2016 жылдары Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары zhaikpress.kz ақпарат агенттігінің басшысы болып қызмет атқарды.

Республикалық baq.kz, informburo.kz, halyk-uni.kz, qaz365.kz сайттарының БҚО-дағы меншікті тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

2021 жылдан бері sarapshy.info сараптамалық ақпарат агенттігінің бас редакторы.

40a1c217-1dcb-4e09-9354-0e3b94af0039

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Биыл Қазақстанның Медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің мүшесі болып сайланды.

Бұл салада тәжірибесі мол маман БАҚ-ты дамыту, мемлекеттік ақпараттық саясат, PR, маркетинг бағытында тиімді жұмыс атқарады деп сенеміз.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале