18.07.2018, 11:34
Оқылды: 0

«Жайық Престің» бас редакторлар клубы» құрылды

БҚО-дағы ең ірі медиахолдинг «Жайық Престің» құрамында 14 басылым бар. Осы басылымдардың бас редакторларымен кеңейтілген жиын өтті. Басқосуда Серіктестік құрамындағы газеттердің болашақ бағыт-бағдары мен мәселелері талқыланды.  

Бүгінде аудандық газеттерде маман тапшылығы күрмеулі мәселе. Айлығы аз болған соң ауданда маман тұрақтамайды. Әсіресе, дизайнер, бет қаттаушылардың орнын басатын адам жоқтың қасы.  Басқосуда осы секілді түйінді мәселелерді ортаға салып, тығырықтан шығудың жолдары қарастырылды.

Мәжілістің ортақ қарарымен «Жайық Престің» бас редакторлар клубы» құрылды.

- «Жайық Престің» бас редакторлар клубы» аудан редакцияларының бір-бірінің тыныс-тіршілігімен танысып, қарым-қатынастарын нығайтып, редакторлар өзара тәжірибе алмасып, шеберлік шыңдауына, аудан деңгейіндегі атқарушы биліктің жергілікті газеттерге тиісті деңгейде көңіл аударып, санасуына серпін берері сөзсіз,- деді «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Рауан Сәбитов.

Клуб мүшелері тоқсан сайын толық құрамда әр ауданда көшпелі жиын өткізетін болып уағдаласты.

zhaikpress (5) zhaikpress (11) zhaikpress (12)

zhaikpress.kz

Сурет: Темірболат Тоқмамбетов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале