29.06.2020, 17:44
Оқылды: 131

Жақынымызға жанашыр болайық!

Ата-бабаларымыз «Басты байлық – денсаулық» деп текке айтпаса керек. Шын мәнісінде денсаулығың болмаса, дәулетің мен байлығың, атағың мен марапаттарыңның құны бес тиын.

CEAD67FC-A165-47E2-A31F-4366456EDDB1

Өкінішке орай, бүгінгі күні Қазақстан халқы жалпы әлем елдері қиын-қыстау уақытты бастан кешіруде. Бұған әлі өршіп тұрған статистика дәлел.

Менің ойымша ең үлкен жауапкершілік мына өзімізде секілді. Тойға шақырсаң, өзгеге жұқтыруға себепшісің, барсаң өзің жұқтырып алуға қауіп бар. Қалай болғанда да осының бәрін қоя тұрған абзал.

«Өзімнің денсаулығым өзім білем» деп жүрген жандар да аз емес. Ал біреудің кесірі басқаға тиюі мүмкін. Сондықтан сақтанған жөн деп есептеймін.

Еліміздің басқа өңірлерінде ауруханаларда орын жетпей жатқандығы байқалады. Бұл дерттің қарапайым вирустан үлкен ауқымды дертке айналғанын көрсетеді. Сондықтан жақынымызға жанашыр болып, өзімізді де індеттен сақтап жүрейік!

Үкімет пен жергілікті жедел штаб қойып отырған шараларға бағынып, аты жаман дертпен бірге күресейік.

Нұрғали Жолдасқалиев,

«Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының жетекшісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале