«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті
30 Қараша 2021

«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті
30 Қараша 2021

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті
30 Қараша 2021

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды
30 Қараша 2021

Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды

«Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі»
30 Қараша 2021

«Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі»

Елімізде 62 мыңнан астам бала вакцина алды
30 Қараша 2021

Елімізде 62 мыңнан астам бала вакцина алды

29.08.2017, 9:49
Оқылды: 23
Жаңа тұжырымдаманың мүмкіндігі көп

marat t   Дүйсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжановтың төрағалығымен  Мүгедектер істері жөніндегі облыстық кеңес өтті.

   Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ділдаш Ысқақованың сөзінше, жаңа тұжырымдамаға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жаңартылып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қаржыландыру тетіктері жетілдірілмек.


   Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қызметі брендтеліп, жаңа кадрлармен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ әлеуметтік қызметтердің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылып, нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілмек. Жаңа жағдайдағы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру мемлекеттің, азаматтың және отбасының бірлесіп қатысуымен негізделеді.

   - Әлеуметтік қызметтің мұндай түрі біріншіден, арнаулы әлеуметтік қызметті қажет ететін азаматтар үшін тұрғылықты жеріне қарамастан, әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Екіншіден, әлеуметтік қызметтерді ұсыну нарығын дамытып, әлеуметтік қызметтер саласында жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы рөлді  сақтай отырып, сол арқылы әлеуметтік қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, - деді ол.

    Жиын барысында бірқатар қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері сөйлеп, тұжырымдаманың терең талдауды қажет ететінін айтты. Аталмыш тұжырымдаманың күрделі әрі маңызды екенін жеткізген Марат Тоғжанов қатысушыларды бұл құжатты талқылауда белсенділік  танытуды сұрады.

 

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале