5.01.2022, 12:20
Оқылды: 66

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры ұсталды

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры мен сұйытылған газ сататын электронды сауда алаңының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
01

Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының жаңалықтарында айтылды.

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры бағаны негізсіз көтерген.

Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Қазақ газ өңдеу зауыты» бүкіл Маңғыстау облысын және елдің басым бөлігін сұйытылған газбен қамтамасыз етеді.

Президент өткен маусым айында көгілдір отынды тұтыну кейінгі үш жылда 2 есе өскенін, ал аталған зауыттың қондырғылары 90 пайыз ескіргенін атап өткен еді.

Еске салсақ, 5 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді. Онда кінәлілер аталып, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар сөз болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале