18.09.2021, 19:53
Оқылды: 372

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жаңа спорттық нысандар ашылды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында және «Қала күні» мерекесіне орай «ЖӘҢГІР ХАН» спорт кешені мен жазғы спорт алаңы салтанатты түрде ашылды.

73959505-11BD-4571-9051-F7A63601295F

Спорттық нысандардың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров қатысты. Келген қонақтар алдымен тренажерлық құрылғылар қойылған ашық аспан астындағы жазғы алаңдарды аралады. Университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов білім алушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу, дене шынықтыру және спорттық кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған жұмыстармен, студенттердің спорттағы жетістіктерімен таныстырды.

Бұдан кейін заманауи тұрғыда жабдықталған стадион кешенінің салтанатты ашылуы болды. Жаңа стадионның лентасын қию рәсімі облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов пен университет ректоры А. Наметовке берілді. Бақытжан Хаберұлы білім ордасының ұжымы мен студенттерін «Қала күні» мерекесімен және жаңа спорттық нысандардың ашылуымен құттықтады.

7864D4BB-1EB4-4C0F-8921-5BC57904023C

– Орал қаласының төл мерекесіне орай көптеген іс-шаралар өткізілуде. Ал Жәңгір хан университетінде ашылып отырған стадион мен спорт алаңдары  – өткен жылы басталған үлкен жұмыстың жалғасы. Мұның барлығы – оқу орны басшылығының, құрылтайшылардың студенттерге деген үлкен сыйы, – дей келе, өңірде спорт саласын дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ Жәңгір хан университеті жастарының ғылым мен спорттағы жетістіктері көбейе түсуіне тілектестігін білдірді.

8641A4F0-EBF0-4020-8D96-38000619854B

Университетіміздің елжанды азаматтар дайындау үшін алдына қойған стратегиясы – студенттерге біліммен қатар,  тәрбие беру, мәдениетке үйрету. Ал мәдениет пен тәрбие салауатты өмір салтын ұстану дағдыларымен, спортпен шұғылданумен ұштасып жатыр деп есептейміз. Сол үшін біз мақсатымызға үлкен спорттық инфрақұрылым құру арқылы жетеміз деп жоспарладық. Екі жылдың ішінде осы жоспарымыз орындалды. Үлкен спорт кешенін,  стадион, жазғы алаңдар салып, Workout алаңдар  орналастырдық. Енді жастар, студенттер кез келген жерде емес, осындай арнайы жабдықталған спорт нысандарында жаттығып, шынығады. Бұл олардың  спортқа деген ынта-ықыласын арттыра түседі деп білеміз. Осы екі жыл ішінде біздің студенттеріміз  еліміздің ғана емес, әлем және Азия чемпионы атанды. Әрине бұл нысандар жаттықтырушылардың да шеберлігін шыңдап, ел үмітін ақтайтын шәкірттер тәрбиелеуге  оң үлес қосады деп білемін, деді университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы.

Құттықтау сөз алған университет ардагері, гір тасы спорты бойынша Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі төрешісі Николай Коломоец, Жәңгір хан университетінің мақтанышына айналған спортшы, жауынгерлік самбодан Азия чемпионатының қола жүлдегері Әділбек Сейсов университет қабырғасында білім-ғылыммен бірге спортта биік белестерді бағындыратын жастар көбейе түсеріне сенім білдірді.

0BBE5D6A-DE9C-4940-90E8-99A0B6FE10D7

Салтанатты іс-шара барысында облыс әкімінің және университет басқармасының білім грантын иеленген студенттерге сертификаттар табысталды. Университет спортшылары мен қызметкерлері арасында жолдастық кездесулер өтті.

1455CC6E-DB0D-49F5-90C9-A6B7D6F46F7A

3DCF3678-8E89-4E08-98FD-CEBC8F930A99
BE2646DE-E64E-4CE6-8BD9-7FAC8D3B093A

60C1D386-8DF4-4475-BF96-B45BDDBCB118

Айна Имашева

Суреттерді түсірген: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале