29.10.2021, 17:46
Оқылды: 188

Жәңгір хан университетінде студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі өтті

Жәңгір хан университетінде студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі өтті. Университеттің Ғылым басқармасы ұйымдастырған іс-шараға 1-3 курс студенттері қатысты.

71

–Инновациялық үдерістер экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда. Жұмысты сапалы атқаратын мамандар даярлау - басты міндет. Жастар оқуды аяқтағаннан кейін өз бетімен ғылыми мәселелерді шешуге қабілетті болуы тиіс. Бізде 22 ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Студенттеріміз түрлі конференцияларға қатысып, жақсы нәтиже көрсетуде, – деді жауапты оқытушы Ербол Ербаев.

72

Қазіргі таңда Жәңгір хан университетіндегі әр үйірмеге 15-20 студенттен қатысып, ғылыми тұрғыда шыңдалуда. Үйірмелер түрлі бағытты қамтиды. Осы кезге дейін білім алушылар Қазақстанда және шетелде (Ресей, АҚШ, Молдова, Чехия, Сербия) өткен байқауларға 85 жұмыс жолдаған. Оның 10-ы бірінші орын алса, 12-і екінші орын, 11-і үшінші орын иеленген.

70

73

 

74Іс-шара соңында республикалық студенттік пәндік олимпиадаларда, халықаралық конференцияларда жүлделі орын алған студенттер марапатталды. Электроника, робототехника, педагогика, ветеринария және құрылыс саласы бойынша білімін тереңдетуге бел буған студенттер әлі талай жетістікке жететініне сенім мол.

Марлен Ғилымхан,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале