16.05.2022, 9:45
Оқылды: 131

«Жәңгірхандық» қос спортшы дүбірлі додада топ жарды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің білім алушылары Досжан Өтепқалиев пен Зейнеп Баянова халықаралық деңгейдегі турнирде Қазақ елінің мерейін асқақтатты.

IMG-20220516-WA0011

Алдымен университетіміздің «Индустриалды-технологиялық институтының» 3-курс студенті Досжан Өтепқалиев – Хорватия елінде өткен Адриатикалық трофей халықаралық турнирінде грек-рим күресінен 1-орын иеленгені туралы ақжолтай хабар жетті. Бір күннен соң «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының 2-курс білім алушысы Зейнеп Баянованың Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен жастар арасындағы «Victory Cup & Champions» 24-ші халықаралық турнирінде 1-орынды жеңіп алғаны жайлы «сүйінші» хабарды естідік.

Түрлі спорттық жарыстарда жеңіс жалауын желбіреткен Досжан мен Зейнеп – ҚР спорт шеберлері.

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале