3.01.2024, 9:00
Оқылды: 262

Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді

Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді.

IMG-20240103-WA0006

Фото: боксшының Instagram парақшасынан

Бокс туралы жаңалық тарататын CFSportsClub Х (Twitter) аккаунты жаңа жылда назар аударатын боксшылар тізімін жариялады. Kazinform агенттігі бұл жайында Sports.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

CFSportsClub нұсқасы бойынша, 2024 жылы спорттағы жолын қадағалап, үміт артуға болатын үздік 5 боксшы: қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және АҚШ-тың төрт өкілі: Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джерон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО).

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Қазақстандық боксшы бұған дейін 2024 жылы 160 фунт дивизионында абсолютті әлем чемпионы болуды жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале