6.03.2020, 15:32
Оқылды: 937

Жәнібек колледжі бюджет қаржысын оңды-солды шашпақ болған

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру дау-дамайсыз болмайтыны анық. 2019 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша бюджет шығысы 220,5 миллиард теңге құраған. Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу саласында 29 қылмысты анықтаған.

Zhemkorlyk

Қылмыстың 69 пайызы жергілікті атқарушы орган, 17 пайызы орталық мемлекеттік құрылымдардың аумақтық бөліністері мен соларға бағынышты мекемелердің қызметкерлеріне, 14 пайызы мердігер ұйымдарға тиесілі. Аяқталған қылмыстық істер бойынша шығын көлемі 558,2 миллион теңгені құраған. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу аясында берілген қаржыны игеруді тиімді жоспарламайтын мекемелер арасында облыстық білім басқармасы алда тұр. «Сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы тым жоғары баға қойылғаны анықталған. Мәселен, Жәнібек ауданындағы колледж әрқайсысының бағасы 6 113 700 теңгеден болатын 2 мультимедиялық ноутбук сатып алуды жоспарлайды. Бір ноутбуктың медианалық бағасы 160 714 теңге. Егер сатып алуды тиімді жоспарлағанда, бюджетке 11 905 971 қаражат үнем болады екен. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Саметтің айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Жәнібек ауданы әкімдігінің сатып алу жоспарынан 500 жемқорлық тәуекелі анықталған.

Нұртай ТЕКЕБАЙ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале