26.10.2018, 16:19
Оқылды: 101

Жансая Мусина халықаралық айтыстан бас жүлдені жеңіп алды

Бүгін Атырауда Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына орай халықаралық айтыс өз мәресіне жетті.

aitys

         Еліміздің және Моңғолия, Қытай мемлекетінен келген азулы айтыскерлер екі күн бойы сөз қағыстырды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында ұйымдастырылған сөз бәйгесі «Байтақтан озып, бәйге алған» деп аталды.

         Айтыскерлердің өнеріне Асанәлі Әшімов, Мереке Құлкенов, Светқали Нұржан, Ұлықбек Есдәулет, Жәкен Омаров, Нұртөре Жүсіп, Бауыржан Халиолла сынды дүйім жұртқа белгілі тұлғалар қазылық етті.

         Батыс Қазақстан облысынан қатысқан Жансая Мусина, Талғат Мықи, Бауыржан Ширмединұлы жиырма жыр сүлейінің арасынан суырылып шығып жартылай финалға өткен. Кіл мықтылар сыналған жыр бәйгесінің бас жүлдесі жерлесіміз Жансая Мусинаға бұйырып, 2 млн. теңгені қанжығаға байлады.

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале