24.11.2022, 15:00
Оқылды: 36

Жапондықтар таң қалдыруда

Әлем чемпионатының екінші сенсациясын жасаған Жапон құрама командасының ойыншылары әлемді өзінің ойынымен ғана емес, тәртібімен де таң қалдыруда.

InShot_20221124_145630858

Матчтан соң жапондық футболшылар шешінетін бөлмелерін мұнтаздай етіп тазалап, ұйымдастырушыларға естелік ретінде оригами жасап, араб тілінде ризашылығын білдірген ашық хат жазып кетіпті.

InShot_20221124_145613741
Осыдан төрт жыл бұрын Ресейде өткен мудиальда да дәл осы қылығымен көпшілікті таң қалдырған Жапония ойыншылары әлемді сүйсіндіруде.

Одан бөлек доп додасының ашылу матчында катарлықтар мен өзге жанкүйерлер үйлеріне асығып стадионнан шығуға ұмтылған кезде Жапониядан келген фанаттар өздерімен бірге алып келген қоқыс пакеттерін шығарып, бүкіл арена ішін тазалап кеткені де көп талқыланған еді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале