17.09.2021, 15:14
Оқылды: 253

Жапония COVID-19-ға қарсы үшінші екпені енгізуді бастауы мүмкін

Жұма күні елдің Денсаулық сақтау министрлігі Жапония осы жылдың соңына қарай адамдарға коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны енгізуді бастауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

2
Үкіметтің денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары үшінші вакцинацияның қажеттілігімен келісіп, министрліктің екінші дозаны алғаннан кейін кем дегенде сегіз айдан кейін адамдарды вакциналауды бастау жоспарын мақұлдады.

Ықтимал ревакцинация қараша айынан басталуы мүмкін, бұл кезде үкімет вакциналануға құқығы бар барлық адамға екпе салуды аяқтауға ниетті. Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі үш дозаның барлығы бір өндірушіден болуы керек деп мәлімдеді, бірақ қорытынды жасамас бұрын ол қосымша зерттеулерді қарастырады.

Қазіргі уақытта Жапонияда Pfizer Inc., Moderna Inc. және AstraZeneca Plc компаниялары әзірлеген COVID-19-ға қарсы үш вакцина бар, әрқайсысы екі дозадан енгізіледі.

Зерттеулер көрсеткендей, екінші вакцина енгізілгеннен кейін алты айдан соң COVID-19 антиденелерінің саны азаяды, ал Дельта нұсқасына қарсы вакцинаның тиімділігі уақыт өте келе төмендейді.

 

 inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале