26.07.2022, 16:00
Оқылды: 93

Жапонияда маймыл шешегі тіркелді

Токиода Еуропадан келген жапондықтан маймыл шешегі анықталды. Ол қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтайтын тест пен ауруға қарсы дәрі және вакцинаны шұғыл дайындау керек деген бұйрық берді, деп жазды 24.kz.

41f3c8a52bec41f59eed8a1dd4b19101

Бұл елде дәрігерлер бұрын шешек ауруына қарсы қолданылған екпені әзірге маймыл шешегіне қарсы да қолданғалы отыр. Бастапқыда вакцина тек науқаспен қарым-қатынаста болғандарға ғана салынады.

Жапония Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ёсихико Изозаки осы мәселеге орай үкіметтің екінші отырысы өткенін, індет ушықпау үшін барлық шара қолданылатынын баяндада.

Тиісті ақпаратты халыққа жеткізге жөн. Ал тұрғындар жеке бас гигиенаны сақтап, ауру белгілері байқалса дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінгені абзал, - дейді Жапония Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ёсихико Изозаки.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале