29.04.2024, 15:04
Оқылды: 45

Жарамсыз деп танылған үйлер орталық мемлекеттік органдар бекіткен үлгілік жобалар негізінде салынады

Су тасқыны салдарынан жарамсыз деп танылған үйлер орталық мемлекеттік органдар бекіткен үлгілік жобалар негізінде салынады. Ол туралы өңірлік комуникациялар алаңында өткен брифингте БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев айтты.

WhatsApp Image 2024-04-29 at 15.03.06

- Қазіргі таңда екі эскиздік жоба жасақталды, бұл 3 бөлмелі 80 м2 болатын және және екі пәтерлі 160 м2 тұрғын үй. Салынатын үйлер барлық инженерлік желілермен қоса, таза әрлеуде пайдалануға беріледі. Үйлері жарамсыз деп танылған тұрғындарды баспанамен қысқа уақытта қамтамасыз ету үшін жұмыстанып жатырмыз. Бүгінгі таңда, су басқан аудандарда жарамсыз деп танылған үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды. Атап айтар болсақ, су баспайтын аймақтардан жаңа тұрғын үй салуға жер учаскелері анықталып, геология және топо-түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Әлібек Антазиев.

Осы күні бекітілген үлгілік жобалар негізінде байлам жүргізетін жобалаушы ұйымдар анықталды. Қаратөбе ауданында «СтройКонсалтинг» ЖШС, Сырым ауданында «Shine Project» ЖШС, Теректі ауданында «Smаrtech» ЖШС және Бөрлі ауданында «ЕвроПлюс» компанилары жобалай жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта құрылысты жүзеге асыратын жергілікті мердігер ұйымдар тізбесі жасақталды.

Айта кетйік төтенше жағдай кезінде 1311 тұрғын үйге зиян келтірілді. Қаратөбе ауданында 116, Сырымда 243, Бөрліде 218, Теректіде 649, Бәйтеректе 62, Тасқалада 6 және Орал қаласында 17 үй суға кетті. Қазіргі таңда 1150 үйге техникалық тексеріс жүргізілген. Жіктеп айтар болсақ, Қаратөбе ауданында 101, Сырымда 243, Бөрліде 218, Теректіде 570, Бәйтеректе 60 үй арнайы тексерістен өтті. Оның қорытындысында 413 үй әрі қарай тұруға жарамсыз деп танылды. Бүгінде Қаратөбеде 90, Сырымда 114, Теректіде 81, Бәйтеректе 7, Бөрліде 121 үй жарамсыз.

Басқарма басшысы зардап шеккен тұрғындардан өтініштер әлі күнге дейін түсіп жатқанын атап өтті. Үйлерді техникалық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале