15.04.2026, 17:15
Оқылды: 38

Жас волейболшылар жарысы аяқталды

1ac1b2a4-07cf-4ec3-995f-43a1baf0ebdc

Орал қаласында 21 жасқа дейінгі волейболшылар арасындағы Қазақстан Республикасының 34-ші чемпионаты қорытындыланды. Елдің әр өңірінен жиналған жас спортшылар бір апта бойы бойы өзара мықтыны анықтап, жанкүйерлерге қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Чемпионат барысында «Жайық-2» командасы қола жүлде үшін соңына дейін табанды күрес жүргізді. Алайда шешуші сәттерде сәттілік серік болмай, команда жүлдеден тыс қалды.
Ал жарыс қорытындысында үшінші орынды “Тараз-2”, екінші орынды “Жетісу-2” командасы иеленсе, ел чемпионы атағын алматылық “Буревестник” командасы қанжығасына басты.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, үздік ойыншылар да анықталды. Өз командаларын алға сүйреп, ойын барысында жоғары деңгейде өнер көрсеткен бірқатар волейболшылар ерекше аталып өтті.
Олардың қатарында «Буревестник-2» командасынан Н.Алихан, «Ұшқын-Көкшетау-2» сапынан Д. Аманкелдинов, «Тараз-2» құрамынан Ж. Абдрахман, «Жетісу-2» командасынан М. Мелик., «Атырау-2» сапынан А. Құсаинов, «Есіл СК-2» құрамынан Т. Ережеп, «Ақтөбе-2» командасынан А. Нұрымжан және «Жайық-2» сапынан Н.Каиров бар.

Түгелбай Бисен

"Жайық Пресс" 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале