15.11.2021, 15:45
Оқылды: 122

Жасөспірім вакцина алғанда ата-анасы жанында бола алады – дәрігер

Бүгін елімізде жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар вакцина ала бастады. Осы орайда жасөпірім екпе салдырғанда жанында ата-анасы болып, жағдайды бақылай алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы №2 денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі, дәрігер Гүлмира Дүйсембаева мәлім етті.

211115154551760a3862297i

«Біздің емханадан Pfizer вакцинасын жүкті әйелдер, емізулі баласы бар аналар және 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер ала алады. Екпе салдырмас бұрын пациент медициналық тексеруден өтеді. Дәрігер вакцина алушының дене температурасын тексеріп, оған нұсқаулық береді. Және вакцинаның әсері алдын ала түсіндіріледі. Біреудің ыстығы көтеріліуі мүмкін немесе екпе салған жер ауырсынып жатады. Вакцина алған пациент жарты сағат бойы мамандардың бақылауында болады. Одан кейін, терапевт дәрігер 3 күн бойы байланыста болады. Егер вакцина алған адам өзін жайсыз сезінсе дәрігердің көмегіне жүгене алады», - деді Гүлмира Дүйсембаева.

Сондай-ақ, дәрігер өзінің 16 жастағы қызына вакцина алуға рұқсатын беретінін айтты.

«Балалар көпшілік орында жүреді және көбісі шетелге оқуға түскісі келеді. Сондықтан да вакцина алған жөн деп санаймын. Оның үстіне қазіргі жасөспірімдер өте сауатты оларға көп дүние айтып түсіндіріп жатудың қажеті аз. Олар өздері-ақ оқып, біліп алады. Ата-ана ретінде біздің мақсат – бағыт-бағдар беру, кеңес айту. Бүгін түске дейін Pfizer вакцинасының 2 флаконы ашылды. Демек 12 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Әзірге ешкімнен кері әсер байқалмады. Біздің мамандар да вакцина салуға қатысты біліктілігін жетілдіру курсынан өтті. Жасөспірім вакцина алғанда ата-анасы қасында бола алады. Жағдайды өз көзімен көруіне болады», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін елордада Pfizer вакцинасын салу процесі басталды. Екпені алғаш болып 17 жастағы астаналық жасөспірім салғызды.

Сондай-ақ, емізетін баласы бар елордалық ана да екпеден кейінгі әсерімен бөліскен болатын.

Одан бөлек, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан вакцина алғысы келетін жүкті әйелдер мен емізулі аналардың қатары көп екені хабарланды.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале