13.10.2020, 10:50
Оқылды: 64

«Жастар керуені» – Достықта

Өткен аптада «Жастар керуені» жобасының мүшелері Достық ауылдық округінде болып, ауыл жастарымен кездесті.

keruen (1)

Шара барысында ауыл жастары керуен құрамына Ынтымақ ауылындағы үлкен үңгірге экскурсия жасатып, туған жерлерінің тарихымен таныстырды. Сонымен қатар ауыл жастарымен кездесіп, семинар-тренингтер ұйымдастырды. Бұл жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткені анық. Толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын да алды. Ауыл жастарымен волейболдан жолдастық кездесулер өтті. Жеңіске жеткен командалар дипломдармен марапатталды.

keruen (6)

«Жастар керуені» жобасы аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен аяқталды.

Еріктілер жылы аясында, қайырымдылық айы шеңберінде «Жастар керуені» тоғыз округті аралап, өздерінің және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында ауылдарға іссапарларға шыққанын тілге тиек етті. Осыған дейін Мереке ауылдық округі мен Атамекен ауылдық округінде болып, жастармен кездескен еді.

keruen (7)

– Әрбір округке барғанда жастарды толғандыратын мәселелерді талқылап, ортаға саламыз. Сонымен қатар жастарға кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасыларды психологиялық тұрғыдан қолдау тақырыптарында семинар-тренинг өткізудеміз. «Ардагерлерді ардақтайық», «Қайырымдылық айы» шеңберінде әр ауылда аз қамтылған немесе жалғызбасты ардагерлерге мекенжайлық көмек көрсетудеміз. Атап өтсем, отын, суын әкеліп беріп, ауласын тазалап, ағаштарын кесу, үйін ақтау сынды жұмыстарды жастар тыңғылықты атқаруда. Ауыл жастарының уақытын тиімді пайдалану мақсатында санитарлық нормаларды сақтай отырып, іс-шараларымызды ұйымдастырудамыз. Негізгі мақсатымыз – ауыл жастарын көтеру. Жобамыз 17 қазанда аудан орталығында өз мәресіне жетеді, – деді жастар ресурстық орталығының басшысы Г.Бирниязова. Ендеше, іске сәт!

Б.Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале