30.05.2023, 16:45
Оқылды: 56

Жазғы демалыста қандай оқушыларға лагерьге тегін жолдама беріледі?

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биыл соңғы қоңырау шарасы 1 маусымда болады. Одан кейін түлектер ҰБТ, оқушылар емтихан тапсырады. Артынша жазғы демалыс та басталады. Қазақстанда жазғы демалыста оқушыларға тегін лагерь қарастырылған ба? Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінен сұрап көрді.

AA9E5A4B-341E-405A-A1FC-3B6A7CE0D3B4

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, кейбір санаттағы оқушыларға лагерьлерге тегін жолдама беру мүмкіндігі қарастырылған. Яғни оның ішінде:  

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне тегін жолдамалар беру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл көмекті ұсыну мемлекеттік қызмет болып табылатындықтан, жолдама алу үшін білім ұйымына өтініш беру керек.

Оқушылардың баратын лагерьлер тізімін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу байқаулары негізінде анықтайды. Егер оқушы жоғарыдағы атап өткен санатқа жататын болса, тегін жолдама алуға құқылы. Қосымша қандай да бір, басқа өлшем шарттар қарастырылмаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале