22.06.2023, 11:45
Оқылды: 168

Жазылу жалғасуда

«Ақжайық» футбол клубының капитаны Бауыржан Омаров бастап, жартылай қорғаушы Мейрам Сапанов қостаған «Орал өңірі» газетіне жазылу акциясы ел ішінде, халық арасында үлкен қолдауға ие болуда.

f8ff33d5-f64a-4bf8-b1a0-049e0eef12d5

Күні кеше облыстық басылымға Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов жазылды. Жергілікті футболшылардың бастамасын газет бетінен көрген аталмыш мемқызметкер редакцияға арнайы хабарласып, өзі де бастамаға қолдау жасағысы келетінін айтты.

– Облыс спортшыларының жеңісін елге таратып, сүйін-шілейтін бірден-бір газет – «Орал өңірі». Спорттағы әттеген-айымызды да осы газеттен оқып, қай бағытта қателікке жол бергенімізді саралап, алдағы жұмысымызды жоспарлаймыз. Иә, ақпараттық технология қарыштап дамып, интернет басылымдардың бәсі артып тұрған шақта газет оқырманы азайған да шығар. Бірақ облыстың айнасына айналған «Орал өңірі» өңірдің тыныс-тіршілігін шынайы көрсетіп, қордаланған мәселелерді де сауатты  талдап-таразылап оқырман назарына ұсынады. Сол себепті сенімді әрі нақты ақпаратқа қанық болу үшін «Орал өңіріне» жазыламын, – дейді  Армат Исанов.

Қалалық спорт бөлімінің басшысы өзіне қоса, екі ардагерді газетке жазып, демеушілік ишаратын жасады. Сондай-ақ ол өзі басқаратын бөлім қызметкерлерін мемлекеттік тілде шығатын облыстық газетке түгел жазылуға шақырды.

Өз  тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале